Қазақстан • 10 Маусым, 2020

Министр есірткіге қарсы күрес жұмыстарын өз бақылауына алды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі есірткіге қарсы күрес жұмыстарын өз бақылауына алды, - деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеген.

Министр есірткіге қарсы күрес жұмыстарын өз бақылауына алды

2020 жылдың бес айында есірткіге қатысты мыңнан астам қылмыс тіркелді. Айналымнан 1,4 тонна есірткі тәркіленді. 

ІІМ елге жеткен героин көлемінің төмендеуімен қатар синтетикалық есірткінің таратылатынына да назар аударып отыр. 

Жыл басынан бері осындай 261 қылмыс тіркеліп, 26 кг синтетикалық психотроптық заттар тәркіленді. 

Үш нарколаборатория қызметінің жолы кесілді. 

Синтетикалық есірткіні сатумен және жарнамалаумен айналысатын 500 заңсыз интернет-ресурс анықталды.