05 Қазан, 2013

Швейцария коммунизм үшін дауыс берді

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-10-13-shveitsaria-1

Швейцария коммунизм үшін дауыс берді. Оның қорытындысында елдегі әрбір ересек адам 2800 доллар ақша алуы керек. Бұл туралы «Правда.Ру» хабарлады.

Бүкілхалықтық дауыс беруге петиция ұсыну үшін 100 мың қол жинау керек болыпты. Референдумды ұйымдастырушылар Берндегі парламент үйі алдына жүк көлігіне бес центтік монеталардың сегіз миллион (елдегі халықтың санымен теңдес) данасы салып алып келіп, алаңға шашып тастаған.

Швейцарияда енді мемлекет табысын елдегі ересек адамдар арасында бөліске салу жөнінде референдум өтпекші. Бастамашыл топқа бұл үшін қажетті дауыс жинап алудың орайы келді. Енді парламент әрбір швейцариялық азаматтың ай сайын 2800 доллардан алып тұруын зағдастырып беруі керек.

Мұрат Айтқожа.