05 Қазан, 2013

Олимпиялық алау Ресей делегациясына тапсырылды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-10-13-olimpiyskiy ogon-1

Бүгін, 5 қазан күні Сочи-2014 қысқы Олимпиялық ойындарының алауы ресми түрде Ресей делегациясы өкілдеріне табыс етілді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

«2014 жылғы XXII қысқы Олимпиялық ойындардың алауы Афинада өткен салтанатты рәсімде «Сочи 2014» ұйымдастыру комитеті делегациясына ресми түрде тапсырылды», - делінген хабарламада.

Отты тапсыру рәсімі сенбі күні Грекия астанасындағы «Панатинаикос» стадионында өтті. Салтанатқа Ресейдің атынан үкімет төрағасының орынбасары Дмитрий Козак, «Сочи 2014» ұйымдастыру комитетінің президенті Дмитрий Чернышенко, сондай-ақ Сочидегі Олимпиялық ойындардың елшісі, коньки спортынан Олимпиаданың алты дүркін чемпионы Лидия Скобликова қатысты.

Ежелгі Олимпия тауының етегіндегі қирандылар түбінде 29 қыркүйек күні тұтанған Сочи-2014 алауы осы кезге дейін Грекия жері аумағымен алты күн бойы шеру жасады. Ол енді 6 қазан күні Мәскеуге жеткізіледі.

Бұдан бұрын Ресейде олимпиялық алау эстафетасын Владимир Путин ашатыны белгілі болған.

Руслан Игілік.

Соңғы жаңалықтар