05 Қазан, 2013

Миллион ұрлағандардың мұрындарынан шықты

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-10-13-FBR-1

АҚШ-та алаяқтық операциясына қатысқан қазақстандықтардың саны 16-ға жетті. Бұл туралы «Экспресс-К» газеті жазды.

Мұның алдында біз бұлардың санының 5-бесеу екенін мәлімдегенбіз. Кейін АҚШ құқық қорғау органдары бұл тізімге кірген жерлестеріміз санын 16-ға толтырды.

Олар кімдер?

Олардың аты-жөндері мынадай:

Станислав Мельников (26-да), Ренат Таланов (25-те), Мадлен Оспанова (26-да), Меруерт Ахметова (37-де), Индира Ахметова (21-де), Вячеслав Лазарев (21-де, қамауға алынған), Евгений Иванов (22-де), Жасұлан Шілікбай (2-де), Ілияс Әбдірахай (27-де), Вячеслав Цой (25-те), Нұрбек Ахмадиев (25-те), Әлішер Омаров (25-те), Ұлан Зәкіров (22-де), Тайыр Жұрын (22-де) және Евгений Сотников (2-да).

ФБР-дың мәліметі бойынша, бұлардың бәрі екі мыңнан астам адамның жеке мәліметтерін ұрлап алған қылмыстық топтың мүшелері болып табылады. Бұл ақпараттарды алаяқтар салық органдарына арыз жазып, жалпы сомасы 17 млн. долларды қайтарып алуға әрекет жасау үшін пайдаланған.

Бұл алаяқтықты ұйымдастырушылар ретінде Артур Григорян, Эрнест Солоян және Ованес Арутюнян есімді Армениядан шыққан АҚШ азаматтары ұйымдастырған деген болжам бар. Айыпталушылар қатарында сондай-ақ Ресейдің, Өзбекстанның және Түркіменстанның азаматтары бар.

Сұлтан Бозайғыр.

Соңғы жаңалықтар