Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Түркістанда "Болашақ" түлектері балаларға смартфон тарту етті

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Bolashaq Ońtústik" Корпоративтік Қорының өкілдері президенттік стипендия түлектері атынан Мақтаарал ауданы Қоңырат ауылы "Еркежан" жазғы сауықтыру балалар лагеріне жазғы демалысқа жіберілген жартылай және тұл жетім 55 балаға смартфондар және кітаптар, самокаттар мен роликтер табыс етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда "Болашақ" түлектері балаларға смартфон тарту етті

Аталған қайырымдылық іс-шарасының маңыздылығын арттыру мақсатында балаларға халықаралық "Болашақ" бағдарламасының мүмкіндіктері мен профориентация тақырыбында ақпар берілді.

"Bolashaq Ońtústik" КҚ мүшесі Гаухар Туребекова апаттан зардап шеккен отбасылар мен балаларға арнайы көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды.

"Халықаралық "Болашақ" бағдарламасының Түркістан облысы және Шымкент қаласындағы түлектерінің қауымдастығы ретінде Мақтаарал ауданындағы апаттан зардап шеккен отбасылармен қатар кішкентай бүлдіршіндерімізге де арнайы көңіл бөлгіміз келді. Осы орайда, "Еркежан" лагерінде демалып жатқан 55 балаға қолымыздан келгенше көмектесеуді жөн деп шештік. Алдағы уақытта басқа да әлеуметтік іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Гаухар Туребекова.

1

 

Түркістан облысы