06 Қазан, 2013

Абылай хан ұрпақтары Елбасына бабалары мүсінін тапсырды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06-10-13-kokshetau-1

Бүгін, 6 қазан күні Көкшетаудағы «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция кезінде ханның ұрпақтары өздерінің алғысы ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Абылай хан бейнеленген естелік мүсінді тапсырды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлады.

«Хан ұрпақтары конференцияда Абылай арманын жүзеге асырып, тәуелсіз елдің өркендеуіндегі еңбегі үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді», - делінген онда.

«Бүгін Көкшетауда Абылай ханның 300 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Таңертең қалада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» ХДП Төрғасының орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов және зиялы қауым өкілдері мен шетелдік қонақтардың қатысуымен Абылай ханның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты», - делінген одан әрі.

Абылай хан Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек. Одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар