06 Қазан, 2013

Суринамда жануардың 60-тан астам жаңа түрі табылды

264 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

06-10-16-flora-fauna-lyagushka-1

Әлемнің әр алуан елінен жиналған ғалымдар Оңтүстік Американың солтүстік-шығыс қапталындағы Суринам республикасының джунглиіндегі су жолдарының табандарын зерттей жүріп, бұрын ғылымға белгісіз болып келген жан-жануардың 60-тан астам жаңа түрін тапты. Бұл туралы Tut.By сайты хабарлады.

Оқымыстылардың бұл жолғы олжалары 6 түрлі бақа, 11 түрлі балық және бұрын жұрт білмеген тағы бірнеше жануарлар мен жәндіктер болды.

Conservation International атты коммерциялық емес зерттеу ұйымының басшысы Тронд Ларсен АР агенттігінің тілшісіне телефонмен берген ақпарында ғалымдар командасының үш аптаға созылған экспедиция кезінде Бразилия шекарасына жақын жердегі, елдің оңтүстік-шығысындағы ежелгі ормандар алқабындағы фаунаның , яғни жан-жануардың есебін жүргізіп, таза судың запасын зерттеумен айналысқанын айтқан.

Палумеу өзенінің жоғарғы ағысы бассейніндегі джунгли алаптары планетадағы ең қалың және мейлінше аз зерттелген аумақ болып табылады. Arlington ғалымдар тобы жалпы ауданы 162 мың шаршы шақырымды құрайтын Суринамда осы олқылықтардың орнын түгелдеу үшін жұмыс жасады.

Ғалымдар тапқан бақалар ғылым үшін нағыз жаңалық болғалы тұр. Қоңыр түсті ағаш құбақалары сонымен бірге, улы бақалардың қатарын түзеді. Жергілікті тұрғындар оның токсиндерін аңға шыққанда садақ жебесінің басына жағып, улау құралы ретінде пайдаланады екен. Ғалымдар сондай-ақ пигменттелген жайынның жаңа түріне де кезігіпті. Балықтың бұдан басқа тағы ондаған өзгеше түрі табылған. Мұнда ұшырасқан көлемі 2,3 мм болатын қоңыздың сарғыш түрін де ғылым бұрын білмеген.

Зерттеушілер командасы барлығы 1378 өсімдіктің, құстың, сүт қоректілердің, жәндіктің, балық пен мен амфибияның түрлері туралы мәліметтерді жинап алыпты. Бұл жұмысқа жергілікті тұрғындардан 30 адам көмектескен.

Өткен ғасырдағы 1970 жылдардың басына дейін Голландияның отары болып келген Суринам тұрғындары өз джунглилерін сырт көзден қорғап, сақтап қалуға тырысады.

Бәлкім, «Суринам деген қандай ел?» сұраққа мынадай бір ауыз жауап берсек, оқырман қауым жақсы ұғынатын шығар: Осы республикадан шыққан көптеген аса талантты футболшылар әр жылдары Голландия құрамасы сапында ойнады. Олардың қатарында Ройстон Дренте, Рууд Гуллит, Франк Райкаард, Эдгар Давидс, Кларенс Зеедорф, Патрик Клюйверт, Райан Бабель, Арон Винтер, Андвеле Слори, Ромео Кастелен, Джимми Флойд Хассельбайнк, Джермейн Ленс, Михаэл Райзигер, Винстон Богард, Гастон Таумент, Реджи Блинкер сынды ойыншылар болды.

Суринам деген осындай ел.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар