06 Қазан, 2013

Мәскеудегі шайқастың жаңғырығы Иркутскіге жетті

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06-10-13-irkutsk-1

Мәскеуде ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшылар Александр Поветкин мен Владимир Кличконың арасында өткен айқасты көріп болғаннан кейін Иркутск облысындағы бір кафеде отырған жастар екі дай болып қырылып төбелесті. Бұл туралы РИА «ФедералПресс» тілшісі хабарлады.

Жанжал Жердовка кентіндегі кафеде бокс матчынан трансляция біткеннен кейін көтерілген. Әлденеге келісе алмаған екі топ арасында сосын төбелес басталған. Шайқастың соңына қарай оған қатысушылардың бірін екінші жақтың адамдары көліктеріне күштеп мінгізіп, алып кеткен. Кейінірек жас жігіт үйіне қайтып келген, ал оның анасы сол бойда полицияға барып шағымданған.

Бүгінге дейін Усть-Орда ауданының тәртіп сақшылары таң алдында адам ұрлауға қатысы болған бес жігітті ұстайды. Қазіргі таңда полицейлер жағдайдың қалай болғанын бүге-шігесіне дейін анықтап жатыр.

Қайрат Қожаназар.

Соңғы жаңалықтар