06 Қазан, 2013

Камчатка тұрғыны әйелін аюдың құшағынан тартып алды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06-10-13-jitel kamchatki

Ресейдің Камчатка түбегінің Халактыр ауданындағы жағажайда бір жігіт әйелін аюдың шабуылынан арашалап алды.Бұл туралы РИА «ФедералПресс» тілшісі хабарлады.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында оқиғаның қалай болып, қалай өріс алғаны толық ашып айтылмайды. Тек әйелдің орман маймағының шабуылынан кейін аздаған дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылғанына ғана мәлім. Зардап шегушінің өміріне ешқандай қауіп жоқ.

Сонымен бірге, «ФедералПресс» Камчаткада аюдың адамдарға шабуыл жасауы соншалықты бір сирек оқиға емес екенін де ескертеді. Олар адамдар жиі шоғырланған жерлерге кейде емін-еркін келе беретін көрінеді. Мәселен, бүгін, қазан күні таңертең СОТ-тың айналмалы жолының 46-шы шақырымында бір жастағы аю баласының көзге түскен.

Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі Камчатканың қоңыр аюлар көбірек мекен ететін өңір екенін еске салады.

Сұлтан Бозайғыр.

Соңғы жаңалықтар