Осы ретте облыстық және аудандық маңызға ие мына жолдар жөндеуден өтеді деп күтілуде: "Тимирязево-Ақсуат-Мичурино", "Қазқалашық-Горьковское", "Еленовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл", "РФ шекарасы (Челябі)-РФ шекарасы (Новосибирск)", "Кривозерка-Затон", "Новокаменка-Боголюбово", "Астраханка-Смирново-Қиялы-Тайынша", "Булаево-Советское", "Еленовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл", "Саумалкөл-Новоишимское-Червонное", "Смирново-Трудовое-Тоқұшы-республикалық маңызға ие "Челябі-Новосибирск" М-21 тасжолы", "Кішкенекөл-Телжан-Мортық-Тілеусай-Қаратерек", "Петропавл қаласының шекарасы-Ташкентка-Барневка-Долматово", "Рузаевка-Чернгозубовка", "Андреевка-Раисовка", "Новоселовка-Шұқыркөл-Беспаловка", "Дмитриевка-Жаркен", Тимирязево-Целинное-Докучаево-Тимирязево", "Көктерек-Тоспа-Жасқайрат-Қайрат", Семипольское кәсіпорны-Балуан", "Ступинка-Жалтыр-Мерген" және Құлыкөл-Қаратал".
Сонымен қатар, Кондратовка, Виноградовка, Малое Белое, Асаново, Тарангүл, Афонькино, Новоивановка, Ленинское, Дружба, Дзержинское және Алқаағаш елді мекендеріне кіру жолдары жөнделетін болады.
Бұдан бөлек, биыл өңірде аудандық және облыстық маңызы бар "Советское-Ұзынкөл-Возвышенка-Карагандинское-Надежка" және "Булаева-Октябрьское-Конюхово-Куломзино" жолдары күрделі жөндеуден өткізілмек.
Сондай-ақ, жолшылар республикалық маңызға ие жолдарды жаңартатын болады. Нақтырақ айтқанда, қазақ-орыс шекарасындағы "Қарақоға" өткізу бекеті маңында Челябі-Новосибирск автомобиль жолының учаскесінде және "Булаево-Возвышенка-Мологвардийское-Кирово-Қиялы" жолында күрделі жөндеу жұмыстары өткізіледі. Мұнымен қоса, "Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы" "Қызылжар" өткізу бекеті" және "Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)" жобаларының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр.
Ал республикалық маңыздағы "Мамлютка-Қостанай", "Көкшетау-Рузаевка, "РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы" және "Волошинка-Сергеевка-Тимирязево" жолдарының учаскелері орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылған.
Еске салайық, солтүстік өңірдегі республикалық маңызға ие автомобиль жолдарының ұзындығы 1712 шақырымды, жергілікті жолдардың ұзындығы 7026 шақырымды құрайды.