06 Қазан, 2013

Мәскеуде Олимпиада алауының шеруі басталды

390 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

06-10-13-olimpiyskiy ogon-1

Бүгін, 6 қазан күні Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеу қаласының Внуково-3 әуежайына бортында Сочи-2014 XXII қысқы Олимпиялық ойындары үшін жағылған алауы бар ұшақ келіп қонды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС тілшісі хабарлады.

Олимпада алауы қыркүйектің 29-ы күні Грекиядағы ежелгі Олимп тауының етегінде тұтатылды. Содан бастап 6 күн бойы Эллада жерін шарлап өткен отты тұғыр кеше Афинада Ресей делегациясының қолына тапсырылды. Енді оның Ресей жеріндегі 123 күнге және 6,5 мың шақырымға созылатын ұзақ сапары басталады.

06-10-13-olimpiyskiy ogon-2

Елдің жүрегі – Мәскеу қаласында бүгін соның бірінші күні сөреден шықты. Қызыл Кремльді қаладағы алау алып жүру эстафетасы 6-9 қазан аралығын қамтиды. Содан кейін отты шығыршықты Ресей жерлерімен жүріп өтуінің ресми ашылуы болады. Ол Васильев ылдиында өтеді. Алауды бірінші болып Олимпиялық ойындардың бес дүркін чемпионы Анастасия Давыдова алып жүгіреді. Бұдан әрі алау елдің 83 субъектісіне жол тартады. Сол бетімен 7 ақпан күні Сочиге барып бір-ақ аялдайды.

Ал бүгін алауды әуежайдан қалаға «Түнгі қасқырлар» бай-клубының мотоциклистері колоннасының қоршауында жүріп отырған кортеж жеткізді.

Кортеж Қызыл алаңға келіп бір-ақ тоқтады. Сосын астананың қақ ортасында олимпиялық от ыдысын тұтандыру салтанаты өткізілді. Артынша алау эстафетасының Кремльдік кезеңі басталды. Ол 9 бөліктен құралып, Александр бағында таным тапты. Оның соңғы нүктесін Ресей Батыры, Әскери-әуе күштерінің майоры Иван Нечаев қойды. Бұл кезеңнің іс-әрекетіне 50 мыңнан астам мәскеулік қатысты.

Осымен, олимпиялық алаудың Мәскеудегі кезеңінің бірінші күні аяқталды. Ал алда тағы 3 күн бар.

Руслан Игілік.

Соңғы жаңалықтар