Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Шымкентке әлі 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ, -  деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкентке әлі 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет

Орнатылатын кішкентай аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге қою жоспарлануда.

Жаңа аялдамалар бұрынғысынан сынбайтын терезелерімен ерекшеленеді.Сондай-ақ, аялдамалардың ені бұрын 60 см болса, қазіргісі 40 см болып қысқарады. Оның себебі, белгілі бір тұрғылықты жайы жоқ азаматтар аялдаманы паналамауы үшін жасалған.

Қоғамдық көлік жүйесін жаңарту кезінде атқарылған жұмыс нәтижесі шалғай елдімекендерге әлі де болса 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет екенін көрсетті. Бұл мәселе алдағы 4-5 жыл ішінде кезең-кезеңімен шешілетін болады.