07 Қазан, 2013

Мысырдағы тәртіпсіздіктен ондаған адам қаза болды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

07 10-Besporyadki v EgipteКеше Мысырда орын алған тәртіпсіздіктерден 44 адам қаза болып, 246-сы жарақат алды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Қаза болғандар саны әлі де өсуі мүмкін. Себебі, ауруханаға жеткізілгендердің арасында жағдайы ауырлары бар көрінеді.

Мысыр астанасы мен өзге де провинцияларда тәртіп сақшылары мен жергілікті тұрғындар Мухаммед Мурсидің жақтаушыларына қарсы шықты. Каирде Мурсидің жақтаушылары наразылық шеруін Тахрир орталық алаңында жалғастырмақ болды. Алайда, көз жасаурататын газды молынан қолданған тәртіп сақшылары олардың жолдарына тосқауыл болды. Ал Каирдың Докки ауданында исламистер бірнеше жанармай бекетін тонап, артынан оларды өртеп жіберген. Сондай-ақ олар жол полициясы басқармасы ғимаратын өртеген. Қазіргі уақытта күштік құрылымдар тәртіпсіздіктер орын алған жерлердің біразын өз бақылауларына алды. Кеше олар Каирдың өзінде ғана 400-ден аса тәртіп бұзушыларды ұстады.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар