Кеше Сирия билігі халықаралық мамандардың бақылауымен өз аумағындағы химиялық қарудың бір бөлігін жойды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Өткен аптада Химиялық қаруларды шектеу ұйымының атқарушы кеңесі Сириядағы химиялық қару қорын толығымен жою жөніндегі жоспарды бекітті. Осыған байланысты, 2014 жылдың ортасына дейін химиялық қаруды толығымен жою жоспарланып отыр. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұл шешімді іске асыруды міндеттейтін қарар қабылдады.
Айдар Өрісбаев.