07 Қазан, 2013

АҚШ-та қаза тапқан қазақ жігітінің денесі елге әкелінді

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

07-10-13-talgat orumbaev-1

АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық Талғат Орымбаевтың денесі кеше елге жеткізілді. Астанадағы әуежайда бауыр еті баласының денесін қарсы алған туыстары бірден туған жері Көкшетауға қарай жол тартты. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.

«Чикаго қаласында жол-көлік оқиғасынан көз жұмған Талғат Орымбаевтың мәйіті Астанаға Нью-Йорк арқылы жеткізілді. Ауыр қазаға бей-жай қарамаған жұрт интернет арқылы акция өткізіп, 16 мың долларға жуық қаржы жинаған еді.

Сыртқы істер министрлігі де бұл отбасына көмек берді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік,, шетелге білім қуып барған көкшетаулық азамат 25 қыркүйек күні жергілікті медициналық орталықтың бірінде жантәсілім еткен. Белгілі болғандай, ол тас жолды қиып өтпек болып жүгіріп өткенде, жүйткіп келе жатқан көліктің астына түседі.

Көлік тізгініне ие бола алмаған 53 жасар АҚШ азаматы Терри Сэмс дереу жедел жәрдем шақыртқан. Алайда, дәрігерлер Талғаттың өміріне араша түсе алмады.

Сұлтан Бозайғыр.

Соңғы жаңалықтар