12 Маусым, 2020

Түркістан облысында індет жұқтырған нәрестенің жүрегіне ота жасалды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облыстық балалар ауруханасына Сайрам ауданынан туғанына небәрі 11 күн болған сәби ауыр халде жеткізілген. Медициналық жедел-жәрдем қызметімен жеткен шақалақтың дене қызуы көтеріліп, ентігу белгілері болған. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында індет жұқтырған нәрестенің жүрегіне ота жасалды

Дәрігерлер жүргізген диагностикалық зерттеулердің нәтижесінде нәрестеде туа біткен жүрек ақауы белгілері, оған қоса пневмония мен коронавирус инфекциясына шалдыққаны анықталған. Облыстық балалар ауруханасының кардиохирургы Алмат Байсалов жетекшілік еткен білікті дәрігерлер құрамы аса маңызды шешім қабылдап, шұғыл түрде ота жасауға бел буады. Екі сағатқа созылған операция сәтті өтті. Бала аман.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермес үшін дәрігерлер операцияны арнайы ота залында емес, жансақтау бөлімінде жүргізген. Сәби әлі де сол жерде ем қабылдауда. Оған жеке дәрігер мен медбике бекітілген.