Спорт • 12 Маусым, 2020

Беларусьтің ең үздік бапкері – Андрей Скабелка

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті спорт журналистері арасында жүргізілген сауалнаманың қортыныдысы бойынша Андрей Скабелка Беларусьтің ең үздік бапкері болып танылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Беларусьтің ең үздік бапкері – Андрей Скабелка

Жоғарыдағы жаңалыққа қазақстандық жанкүйерлер бекер қуанып отырған жоқ. Себебі, 49 жастағы беларуссиялық маман 2018-2020 жылдар аралығында Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) Нұр-Сұлтанның "Барысын" жаттықтырды. Айтулы бапкердің жетекшілігімен жерлестеріміз Чернышев дивизионында екі рет топ жарып, Шығыс конференциясында қатарынан екінші маусым екінші орынды иеленді. Гагарин кубогы жолындағы жарыста екі рет ширек финалға дейін жетті. Биылғы маусымда ол көрсеткішті жақсартуға да болар еді, алайды коронавирустың кесірінен турнир тоқтатылды.

Сөйтіп, "Барыстың»" бұрынғы бас бапкері Андрей Скабелка Беларусьтің ең үздік жаттықтырушысы болып танылды. Бұл оның үшінші рет осы белесті бағындыруы. Бұған дейін Скабелка 2016 және 2019 жылдары дәл сондай атаққа қол жеткізген еді.   

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше