Бұл болашақта инвесторлардың геологиялық ақпараттың электрондық базасына қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара қарым-қатынасын цифрлық форматқа ауыстыруға септігін тигізеді.
Ағымдағы жылы жүйенің функционалы тестілік режимде жұмыс істейтін болады, минералдық ресурстардың Ұлттық деректер банкін өнеркәсіптік пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланып отыр.