Аймақтар • 13 Маусым, 2020

"Қордай" өткізу бекеті қайта жаңғыртылуда

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында "Қордай" өткізу бекетін қайта жаңарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. 4 ай ішінде мердігер "Дорстрой" компаниясы жұмыстардың жалпы көлемінің шамамен 50% аяқтады, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

"Қордай" өткізу бекеті қайта жаңғыртылуда

Осы жылдың ақпанында нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған болатын. 2020 жылдың соңына қарай мұнда заманауи қондырғылармен жабдықталған және автокөліктердің қозғалысына арналған 8 жолағы бар ( 4 жолақ - ҚР аумағынан шығу, 4 жолақ - ҚР аумағына кіру) инфрақұрылым салынатын болады. Бұл жолаушылар ағынын тәулігіне 6 мың адамнан 23 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Автокөліктерді өткізу қабілеті тәулігіне 1 мың көліктен 2,5 мың көлікке дейін ұлғайтылмақ.

"Қордай" бекетін қайта жаңарту кезінде автокөліктер жақын орналасқан "Қарасу", "Сортөбе" және "Ауқатты" бекеттері арқылы өткізіледі. 

Бұдан бөлек, мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында қазақ-қырғыз шекарасындағы тағы да 7 өткізу бекеті реконструкциядан өтеді деп күтілуде. Осылайша, келесі жылы "Қарасу" өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары басталатын болады. Бүгінгі таңда көпірді салуға қатысты жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, 2021 жылы "Бесағаш" өткізу бекетін қайта жаңарту жұмыстары басталады деп жоспарланған. Қазіргі таңда жобалау-іздестіру жұмыстар жүргізілуде.

2022 және 2023 жылдардың аралығында "Сортөбе" және "Ауқатты" өткізу бекеттері қайта жаңартылады. Мұнымен қоса, 2025 жылы Жамбыл облысындағы "Айша бибі" мен "Сыпатай батыр" бекеттері және Алматы облысындағы "Кеген" бекеті қайта жаңарту жұмыстарынан өткізіледі деп жоспарланған.