08 Қазан, 2013

Шипажайға жолдама берілді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік». Халықаралық қарттар мен мүгедектерді қолдау күні қар­саң­ында Түркістан қаласының әкімі Бақытжан Әшірбеков ақса­қал­дар мен мүгедек жандарға арнайы әлеуметтік көмек көрсетті. Түр­кістан қалалық ҰОС және ең­бек ардагерлері кеңесінің төр­ағасы Н.Шо­таев­тың айтуынша, әкімдіктің қолдауымен таяуда 10 ардагерге «Ман­кент» шипажайына жолдама берілген. Сонымен бірге, қалалық ҰОС және еңбек ардагерлері кеңесіне демеушілер есебінен 1 млн. теңге аударылыпты.

Бұдан бөлек, қала көлемінде әлеуметтік оңалту іс-шаралары бойынша 2013 жылы жүріп-тұруы қиын 39 мүгедек қоларбамен қам­тамасыз етілсе, сауықтыру меке­ме­леріне – 164, мүгедектерді оңалту орта­лығына 247 адамға жолдама беріл­ген. Ал жалпы саны 776 ҰОС және еңбек ардагерлері, ба­тыр аналар мен зейнеткерлер емделу-сауықтыру орындарына жіберілген.

Мәлік ДӘУЛЕТОВ.

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Түркістан қаласы.

Соңғы жаңалықтар