Пациенттер скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталған. Ауырғандардың басым көпшілігі Қарағанды қаласынан, олардың саны – 48 адам. Сондай-ақ, Теміртау қаласынан – төрт, Саран қаласынан – үш, Жезқазған қаласынан – екі, Балқаш қаласынан – төрт, Қаражал қаласынан – бір, Абай ауданынан – екі, Бұқар жырау ауданынан – сегіз, Шет ауданынан бес бес адам "жаман тұмау" жұқтырған.
Науқастардың барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде, тиісті ем-домдарын алып жатыр. Індет ошақтарында дезинфекциялық шаралар жүргізілген.
2020 жылдың 12 маусымдағы ахуал бойынша, облыста 1419 адамның КВИ жұқтырғаны ресми түрде анықталған. Оның ішінде жеті науқас індеттен қайтыс болып, 630 пациент жазылып шықты.
Қарағанды облысы