Қазақстан • 13 Маусым, 2020

Санитарлық талап қатаң сақталуы қажет

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында жазды.

Санитарлық талап қатаң сақталуы қажет

"Мен министр ретінде ғана емес, ең алдымен коронавирус эпидемиясының қауіп-қатерін жақсы түсінетін және азаматтардың денсаулығы үшін ерекше алаңдап жүрген адам ретінде сіздерге өтініш жасамақпын. Дәл қазір жауапкершілікті мойнымызға алып, әрқайсымыз "жеке карантин" ережелерін мұқият үйренер және оны өмір салтына айналдырар кез келді. Ал індетті жұқтырып алмау үшін қарапайым ғана шараларды сақтасаңыздар болғаны. Жұмыста, көлікте, көшеде, дүкенде және басқа жерлерде мүмкіндігінше арақашықтықты сақтаңыз. Егер мүмкіндік болса кеңседе емес, үйде отырып жұмыс істеуге тырысыңыз. Туыс-достармен онлайн, видео-қоңырау және өзге де жаңа технологиялардың көмегімен байланыс орнатыңыз. Қоғамдық орында маска тағып жүріңіз, сондай-ақ қолды кем дегенде 20 секунд сабынмен жиі жуып, санитайзермен сүртіңіз. Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің температурасын жиі өлшеп тұрыңыз", - деп жазды министр.