Кеше Алматыдағы «Демократия үйінің» конференц-залында қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолованың төрағалығымен әкімдік жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңестің негізгі мақсаты – жергілікті мемлекеттік басқару органдары тарапынан қолдау және өзара іс-қимыл жасау аясында Алматы қаласы тұрғындарының әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде үкіметтік емес ұйымдардың рөлі мен маңызын арттыру және азаматтық қоғамды қалыптастыру мен нығайтудың көкейкесті мәселелері еді.
Бұл кеңестің осы жолғы отырысы VI республикалық Азаматтық форумның қарсаңына орай ұйымдастырылды.
Осы ретте, кеңес отырысында жастар саясаты саласындағы жұмыстың өзекті түйткілдері, салалық жұмыс топтарының қызметі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырудың тиісті көлемін кеңейту бойынша шаралар қабылданып, Алматы қаласынан VI Азаматтық форумның делегаттары тізімінің жобасы талқыланды.
Сонымен қатар, бірқатар басқармалар басшыларының және үкіметтік емес сектор өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Осыған орай нақты ұсыныстар қолдау тапты.
«Егемен-ақпарат».