Ол бүгін таңертең Американың Лас-Вегас қаласында көрерменсіз өткен UFC on ESPN 10 турнирінде америкалық Ханна Сайферспен жекпе-жек өткізді. Бұл айқас Мария Агапованың жеңісімен аяқталды. 23 жастағы қазақстандық спортшы үш минуттың ішінде қарсыласынан басым түсті. Осылайша, бұл оның спорт жолындағы тоғызыншы және UFC алаңындағы бірінші жеңісі болды. Ал Сайферс осымен алтыншы рет жеңіліске ұшыраған.
Еске сала кетейік, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық Мария Агапованың ММА бойынша ең ірі промоушн - Ultimate Fighting Championship (UFC) ұйымымен келісімшартқа отырғанын жазған болатынбыз. Ол әлемнің ең мықты лигасындағы алғашқы жекпе-жегін 13 маусымда өткізетіні хабарланған.