08 Қазан, 2013

Ақынға құрмет

570 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл – өз заманының заңғар ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Ғафу Қайырбековтің туғанына 85 жыл. Соған орай түрлі деңгейдегі шаралар өтіп жатқаны белгілі. Сондай атаулы шараның бірі Астана қаласындағы Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназияда ұйымдастырылды.

 

Биыл – өз заманының заңғар ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Ғафу Қайырбековтің туғанына 85 жыл. Соған орай түрлі деңгейдегі шаралар өтіп жатқаны белгілі. Сондай атаулы шараның бірі Астана қаласындағы Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназияда ұйымдастырылды.

Кешке ақынның жа­ры Бәдеш Хамзина, көз көрген інілері – ақын Се­рік Тұрғынбекұлы мен Ос­пан Сүлейменұлы және мұға­лімдер мен оқушылар қауы­мы қатысты. Еске алу кеші мектеп-гимназиядағы Ғафу Қайырбеков атындағы мұра­жайда семинар жұмысымен басталды. Оны Тұңғыш Пре­­зидент мұражайының бө­лім меңгерушісі Роза Қаз­бекова ашып берді. Содан ке­йін жиналған қауым ақын атындағы мұражайдың жұмы­сымен танысты. Семинар барысында осы мектептің жоғары сынып оқушылары Данагүл Ғалымжанова мен Рүстем Қожабаевтың «Отан­­ның абзал ұлдары» тақы­рыбындағы ғылыми жұмыс­тары тыңдалды.

Еске алу кешінің соңына қарай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Кампитова мен педагог Айгүл Залетаеваның ұйымдастыруымен әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Осы жерде ақынның туғанына сексен бес жыл толуына арналған апталықтың қорытындысы шығарылды. Білім ордасында апта бойы өткізілген ақын шығармаларын мәнерлеп оқу, жас ақындар сайысы, шығармалар байқауы, спорт­­­тық жарыс және сурет байқауы жеңімпаздары марапатталды.

Кешті мектеп-гим­на­зияның директоры Га­мил Шаймерденов қоры­тын­дылады. «Ақынның шы­ғар­­машылық мұрасы біздің жүрегімізде. Қазақ поэзиясы жасап тұрғанда, қазақтың рухани байлығы бар кезде оның есімі еш уақытта ұмытылмайды. Біз Ғафу се­кілді ақынды әрқашан мақтан етеміз», деді ол.

Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар