Елорда • 14 Маусым, 2020

Нұр-Сұлтанда баспана мәселесі қалай шешілуде

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Тұрғын үй мәселесін шешу үшін бірнеше бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бүгін қаланы аралау барысында қазіргі уақытта тозығы жеткен үйлерде тұрып жатқан тұрғындар көшетін тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Биыл тозығы жеткен үйлерден 800-ден астам адам қоныс аударады", – деп жазды елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

Нұр-Сұлтанда баспана мәселесі қалай шешілуде

Аралау кезінде қала әкімі Бесшатыр, Алтынсарин, Ағадыр, Янушкевич көшелерінің тозығы жеткен үйлер тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстар мен тілектер тыңдады.

"Сонымен бірге тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында биыл 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешендерін, 130-дан астам лифтті жөндеп, кейбіреуін ауыстырамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтамыз", – деді Алтай Көлгінов.