Қоғам • 14 Маусым, 2020

Бүгін жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні

832 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ИИДМ ұжымы жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні

Бұл туралы министрліктің басрасөз қызметі хабарлады.

"Жеңіл өнеркәсіп – кез келген мемлекеттің маңызды шаруашылық салаларының бірі, себебі шығарылатын өнімді қарапайым халық тұтынады. Ал, осы бағыттағы қызметкерлердің басым бөлігі әйелдер болып табылады. 

Бүгінде жеңіл өнеркәсіп мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінетін басым бағыттардың бірі. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салаларына тоқыма, тігін, былғары, тері және аяқ киім өнеркәсібі жатады. Бұл маңызды бағыт шикізат алудан бастап дайын бұйымдарды шығаратын толық циклді қамтиды. Индустрияландыру жылдары жеңіл өнеркәсіп барлық негізгі индикаторлар бойынша оң нәтиже көрсетті", - делінген құттықтауда.

Бүгінде саланың көптеген кәсіпорындары күрделі экономикалық жағдайларда ауыр сынақтан өтсе де, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, өндірісті басқару әдістерін жетілдіріп, қызметкерлердің кәсіпқойлық деңгейін дамытып, сондай-ақ, қаржылық қызмет көрсеткіштерін жақсартып табысты дамуын жалғастыруда.

"Осы күн - жеңіл өнеркәсіп саласының қызметкерлері мен ардагерлерінің кәсіби мерекесі. Сіздердің арқаларыңызда ел азаматтары жергілікті өндірістің сапалы өнімдерін сатып ала алады.
Осы ретте саланың барлық жұмысшылары мен мамандарын, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ардагерлерін мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға бақыт және амандық тілейміз!", - деп түйіндеген құттықтауларын индустриялық министрлік ұжымы.