08 Қазан, 2013

Тіл қадірінің тірлігі

252 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Устаз-ОралханнанМектеп деген киелi шаңыраққа бас сұқпаған, бiлiм алмаған, қоңырау сыңғырын естiмеген адам кемде-кем. Кеше өзiңдi оқытқан, ал бүгiн балаңның, немерелерiңнiң бойына бiлiм нәрiн құйып жүрген ұстаздардың төзiмдiлiгiне, сабырлығы мен шыдамдылығына қайран қалмай көрiңiз.

Мектеп деген киелi шаңыраққа бас сұқпаған, бiлiм алмаған, қоңырау сыңғырын естiмеген адам кемде-кем. Кеше өзiңдi оқытқан, ал бүгiн балаңның, немерелерiңнiң бойына бiлiм нәрiн құйып жүрген ұстаздардың төзiмдiлiгiне, сабырлығы мен шыдамдылығына қайран қалмай көрiңiз. «Кішкентай кезімде анам Сарыағаш ауданындағы бір мектепке директор болып ауысып, бес жасымнан бастап сол білім мекемесінің ішінде өстім,– дейді ұстаз Жанар Тойлыбаева. – Анаммен бірге мектепке барып, бос сыныптардағы партаға отырып, бормен тақтаны шимайлап, әйтеуір, мұғалім мен оқушылардан көргенімді қайталап жүретінмін. Меніңше мұғалім болу арманы сол кезден бастап жүрегіме қаттала берді ғой деймін. Еңбек жолымды Төлеби ауданында бастап, 2003 жылы Шымкенттегі №23 мектепке ауысып келгенде жаңа бір әлемге тап болғандай, өз мамандығыма деген сүйіспеншілігім одан сайын арта түсті. Бұл орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кеңінен оқытылып жатқан кез еді. Өзге ұлт балаларының бойында мемлекеттік тілге деген құрметті арттыруға, қазақ тілін сүюге, қадірлеуге деген ынталарын оятуға бел буған кез болатын». №23 лицей мектепке қабылдаудың тәртібі өте қатал көрінеді. Беретін білімі мықты болғандықтан болар биыл Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебіне бұл лицейдің 20 оқушысы қабылданыпты.

Устаз-Оралханнан

«Біздің мектепте оқуға қабылдау тәртібі өте қатал болғандықтан шыны керек, ата-аналардың арасында түсініспеушіліктер де болып тұрады, –дейді бұл жөнінде Жанар Жорақызы. – Бірақ, тәртіптің аты – тәртіп. Бір жағы ата-аналардың тура біздің мектепке балаларын оқытқысы келіп, жанталасып жатқанына қуанамын да... Өйткені, бұл халықтың бізге берген бағасы, сенімі емес пе? Бұл дәрежеге қалай жеттік? Меніңше, ең алдымен білікті, еңбекқор, ізденгіш кадрлардың басын топтастыра білдік. Сосын мұғалімдерден баланың ата-анасы қарапайым немесе үлкен шенеунік болсын, оқушыға әділ баға қоюды талап еттім. Бұл бүкіл ұжымның қол жеткізген жетістігі дер едім. Елбасының Алғыс хатын алған Евгений Конников, Карима Төлегенова, Тамара Семенова секілді ұстаздардың жөні бөлек. Бәрін тізіп шығу мүмкін емес, бірақ, кей түлектеріміздің жетістігін айта кетсем деймін. Осы мектепті тәмамдаған Ілияс Игісінов Н.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде білім алып жатса, Нұртас Мақажанов сол оқу орнының магистратурасында оқыды. Сондай-ақ, Александр Жауғашов Мәскеудегі И.М.Сеченов атындағы медицина академиясын үздік бітірді.

Міне, білім ошағының жетістігі осындай. Бүгінде бұл қазақ-орыс мектебінде 3245 бала білім алуда. Мектеп директоры Жанар Тойлыбаева бастаған 171 мұғалім оларға сапалы дәріс беріп, балалардың тәрбиесіне де қатты көңіл бөледі. «Білім қымбат, білу қиын» деген, бүгiнгi заман – бiлiмдiнiң заманы. Ендеше, сол үдеден шығу үлкен парыз.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар