Аймақтар • 15 Маусым, 2020

Ақмолада карантин шаралары күшейтіледі

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оның басты себебі, облыс аумағында эпидемиологиялық жағдайдың күрделеніп кетуі. Соңғы 2 аптада пневманияның ауыр формасымен ауырғандар саны күрт көбейді. Бейқамдықтың, сақтанбаудың салдарынан науқастар саны 3,5 есеге көбейген, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмолада карантин шаралары күшейтіледі

Өкінішке қарай, пневмания мен СОVID-19 вирусымен ауырғандар географиясы Ақмола облысында да кеңейіп келеді. Егер бұған дейін негізінен Аршалы, Целиноград аудандарында тіркелсе, бүгінде өңірдің 13 ауданында да жаман тұмауға шалдыққандар бар. Пандемия басталғалы жаман хабары шықпаған Көкшетау қаласында да науқастар саны күн сайын көбейіп келеді.  

"Егер бүгінгі таңда инфекциялық госпитальда 38 науқас болса, олардың 20-сында пневманияның ауыр формасы тіркелді. Карантин бастау алған кезде екі аптада 13 жағдай тіркелсе, маусымның екі аптасында 33 сырқат анықталды", – дейді облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Айнагүл Мусина.

Облыс бойынша 3 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың созылмалы дерттері жоқ, орта жастағы азаматтар екендігін айтады. Емдеу мекемесіне кеш келгендіктен, дерттері асқынып кеткен. Ендігі амал талапты күшейтіп, сақтану. Әйтпесе, жаман тұмау жалынан ұстатар емес.