08 Қазан, 2013

Дәстүр жалғастығы

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

IMG 6108Облыс орталығында «Алғашқы ұстазым» атты ескерткіш ашылған болатын. Енді оқушылар, ұстаздар, студенттер, жұртшылық ұстаздар мерекесі күні осы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қолдарына қалам ұстатқан аяулы жандарға құрмет көрсетеді. Биыл да сол өміршең дәстүр жалғасын тапты.

Облыс орталығында «Алғашқы ұстазым» атты ескерткіш ашылған болатын. Енді оқушылар, ұстаздар, студенттер, жұртшылық ұстаздар мерекесі күні осы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қолдарына қалам ұстатқан аяулы жандарға құрмет көрсетеді. Биыл да сол өміршең дәстүр жалғасын тапты.

IMG 6108

Мереке қарсаңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің алғашқы форумы өтті. Форумға Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінен 400-ге жуық мұғалім келді. Шара барысында ұстаздар қазақ тілі мен әдебиетін оқудың заманауи әдіс-тәсілдерін ортаға сала отырып, пікір алмасты.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Ерлан Арын: «Біз – ең алдымен, деннің саулығынан кейін тілдің саулығын тілейтін халықпыз. Оқушылар өз мамандығы ретінде математиканы, физиканы немесе биологияны таңдаса да, тілсіз ешқайда бара алмайды. Қазір қазақ тілін дамытудың жаңа технология­сын пайдалануды жолға қойдық. Екіншіден, аралас мектептердің уақыты өтті. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері кабинеттерінің жабдықталуы барлық талаптарға сай, өзгеден ерекше болуы тиіс. Сол арқылы, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын оята аламыз», – деді.

Естай атындағы мәдениет сарайында Мұғалімдер күніне арналған мереке өтті. Оның аясында «Менің алғашқы ұстазым!», «Ұстаз, шәкіртті тәрбиеле», «Мейірімді жүрек», «Жыл мұға­лімі-2013», «Жыл тәрбиешісі» – 2013» облыстық байқаулардың қорытындысы жарияланды.

Ұстаздар күніне арналған ке­лесі шара «Жас ұстаздардың құ­рыл­тайы» еді. Құрылтайға облы­с­тың ауыл-қалаларынан 300 жас мұға­лім қатысты. Форумда педагогикалық ұжымда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру проблемалары, жас педагогтарды бейімдеу және қолдаудағы кәсіподақ ұйымдарының рөлі, отбасы және мек­теп­тің өзара байланысын қамтамасыз ету, кәсіби таңдау, оны іске асыру мәселелері қаралды. Бұл күндері жас ұстазға талап жоғары. Елімізде жүзеге асып жатқан «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының шапағаты мол болып тұрғанын айта кетсек дейміз.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.