Спорт • 15 Маусым, 2020

Ыстамбұл 2032 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия елінің Ыстамбұл қаласының 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындары мен паралимпиаданы өткізу туралы өтініш-шешімін аталған мемлекеттің Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті Хасан Арат мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz

Ыстамбұл 2032 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер

Бұған дейін бұл қала 2020 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу құқығы үшін Токиомен таласқан болатын. Бірақ жеңіліс тапты.

"Олимпиада ойындарын өткізу ниетінен біз ешқашан бас тартпаймыз. Қазіргі таңда 4 жылда бір дүркін жалауын көтеретін ғаламдық спорт тойын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін қаланың ішкі инфрақұрылымы, метро, әуежай қызметі қатарлы маңызды нысандар құрылысы аяқталып келеді. Бір сөзбен айтқанда, дайындық шарасы толық іске асырылуда", деді Арат мырза.