Коронавирус • 15 Маусым, 2020

Мексикада бір тәулікте вирус жұқтырған 693 науқас қайтыс болды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексикада қауіпті індет жұқтырғандар саны 146 мыңнан асты, 17 141 өлім жағдайы тіркелген. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Уго Лопес-Гатель хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Мексикада бір тәулікте вирус жұқтырған 693 науқас қайтыс болды

Эпидемия басталғалы бері Мексикада COVID-19 жұқтырудың 146 873 жағдайы тіркелді. Оның ішіндегі 17 141 адам қауіпті індеттің құрбаны болған. Өткен тәулікте 693 адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта 22 398 адам ауырып жатыр. Ауру жұқтырғандардың көпшілігі Мехико қаласы (4566) мен штатында (2703) анықталған.

Жұма күні Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық қауіптің жаңартылған картасын ұсынды. Жаңа деректер бойынша, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталық бөлігінде қауіптілік дәрежесі қызыл индикатордан (ең жоғарғы қауіп) қызғылт сары түске (жоғары) төмендеді.