Астана медицина университетінде «Тұмау – тез таралатын жұқпалы инфекция және оның асқынуы: сырқатты анықтау, алдын алу және емдеу» атты ғылыми методикалық конференция өтті. Бұл ғылыми конференция денсаулық сақтау саласына барлық саналы ғұмырын арнап, нағыз кемел шағында биыл кенеттен қайтыс болған медицина ғылымдарының докторы, профессор Г.Алшынбаеваның осы саладағы ашқан ғылыми жетістіктеріне арналды.

Профессор Гүлнәр Алшынбаеваның құрметіне өткізілген бұл басқосуға Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры А.Сыздықова, «Астана Медицина университеті» АҚ ректоры М.Шайдаров, «Еуразиялық жұқпалы аурулар қоғамы» халықаралық қоғамдық мекемесінің президенті Ю.Лобзин және басқа да алыс-жақын шет елдердің бірқатар тәжірибелі дәрігер мамандары қатысты.
Бүкіл саналы ғұмырын медицинаға арнаған ұстаз-дәрігердің құрметіне өткен конференцияда оның еңбектерін көрсеткен көрмені де жиылған жұрт асқан ыждаһаттылықпен араласа, марқұм Гүлнәр Алшынбаеваның медицинаға қатысты оқу құралдары мен пайдалы кеңестерден тұратын кітаптарын конференцияға келген қонақтар қызыға таратып алды. Профессор Г.Алшынбаеваның орыс және қазақ тілдерінде шыққан еңбектері мен қосалқы автор ретінде жариялаған елеулі жұмыстары өз маңыздылығымен ерекшеленетіндігі атап көрсетілді. Басқосудың ғалымның құрметіне өткізілуі де оның осы салаға сіңірген еңбектерін бағалағандық болса керек.
Тәжірибелі дәрігерлер өз пікірлерін ортаға салған конференцияның негізгі мақсаттары қатарында елімізде жұқпалы ауруларды емдеудің заманауи әдістерін денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізу мәселелері қаралды. Қашанда алғашқы орында тұратын адам денсаулығы бұл отырыстың да өзегіне айналды.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».