08 Қазан, 2013

Ынтымақтастық жалғасады

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ERM 8625Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбеков Беларусь Республикасы Мемлекеттік әскери-өндірістік комитетінің төрағасы Сергей Гурлевпен кездесті. Кездесу Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде өткен болатын.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбеков Беларусь Республикасы Мемлекеттік әскери-өндірістік комитетінің төрағасы Сергей Гурлевпен кездесті. Кездесу Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде өткен болатын.

ERM 8625

Тараптар әскери-техника­лық саладағы екіжақты ынты­мақ­тас­тықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Аталған саладағы екіжақты қарым-қаты­насты реттеуші және оның дамуы­на ықпал ететін маңызды орган ретінде әскери-техникалық ын­тымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь кіші комиссиясы жұмысына оң баға берілді.

Кездесуде Әділбек Жақсы­беков:

– Қазақстан Қорғаныс ми­нистрлігі Беларусь қорғаныс өнер­кәсібі кешендерімен ынты­мақ­тастықты кеңейтуге дайын. Біз ел аумағында Қазақстан-Беларусь бірлескен кәсіпорындарын салуға мүдделіміз, – деп атап өтті.

Кездесуде Қазақстан Қарулы Күштерінің ұшақтарына беларусь кәсіпорындарында, сондай-ақ Астанада салынатын авиациялық-техникалық орталықта техника­лық қызмет көрсету бойынша ын­ты­мақ­тастықты одан әрі дамыту тал­қыланды.

Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Гурлев Қазақстан-Беларусь екіжақты әскери-техникалық ын­тымақтастық пен өзара іс-қи­мылдарды белсенділендіру туралы әңгімелесті.

«Егемен-ақпарат».