Аймақтар • 15 Маусым, 2020

Атырауда масаны улау екі ауысыммен жүргізіледі

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласында сәуірден бері көпқабатты 1188 тұрғын үйдің жертөлесі мен кіреберістеріне дезинсекциялау  жүргізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда масаны улау екі ауысыммен жүргізіледі

"Қаладағы дезинсекциялық жұмыстарға алты бригада жұмылдырылды. Олардың екеуі таңғы сағат 9:00-ден  кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл бригадалар көпқабатты үйлердегі жертөле мен кіреберістерінде зиянкестермен күреседі. Ал, төрт бригада кешкі сағат 20:00-ден түнгі сағат 02:00-ге дейін қала көшелерінде, ашық су қоймаларында, саябақтарда, мәдениет және демалыс орындарында, сондай-ақ,  қала маңындағы ауылдық округтерде тазалау жұмыстарын жүргізеді", - дейді этномолог-маман Айнагүл Дәулетьярова.

Оның мәлім етуінше, ПИК құрылмаған  үйлерге дезинсекция жұмысы сенбі мен жексенбіде жасалады. Ал, ПИК қызмет көрсететін тұрғын үйлерде масаға қарсы улау айына бір рет жүргізіледі. Осыған орай мамандар әлеуметтік желілерде арнайы чаттар ашып, тұрғындардың жұмыс сапасын бақылауына мүмкіндік жасап отыр.

"Біздің жұмысымызды қалалық әкімдікпен бірге, тұрғындар да бақылай алады. Тұрғындардың улау жұмыстарына көңілі толмаса, Telegram-чатқа жазуына, жұмыс барысын тексеруіне мүмкіндігі бар", -  дейді Айнагүл Даулетьярова.