08 Қазан, 2013

Тергеу аяқталды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бюджеттің қаржысын жым­қырып, бой тасалаған бұрынғы ойнақтаған шенеунік, бүгінде сотталушы Анар Мешімбаева Ресей Федерациясында ұстал­ғаннан кейін, оны 2013 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Рес­публикасының Қаржы полиция­сы агенттігінің қызметкерлері елге жеткізген болатын. Енді 3 қазанда Қаржы полициясы агенттігі Мешімбаеваға қа­тысты қылмыстық істің тер­геуін аяқтады.

Оған халық санағын жүр­­гізуге бөлінген 758 млн. теңгеден астам бюджет­ қаражатын ұрлады және сер­вер­лік құрал-жабдық үшін екі кондиционер сатып алу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, мемлекетке 3,5 млн.теңге залал келтірді деген айып тағылды.

Бүгінгі күні айыпталушы мен оның қорғаушысы көлемі 30 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуда. Бұ­дан кейін қылмыстық іс сот­қа тапсырылу үшін айыптау үкі­мімен прокуратура органдары­на жолданады, деп хабарлады Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.