08 Қазан, 2013

Инвестиция игілікке бастайды

391 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

AKTOBEINVEST-2013Ақтөбе қаласында «AKTOBE­IN­VEST-2013» бірінші ха­лықаралық инвес­ти­циялық форумы өтті. Форумды Индустрия және жаңа технологиялар ми­нистрлігінің және Өңірлік даму министрлігінің қолдауымен облыс әкімдігі ұйымдастырды. Фо­румның мақ­саты облысқа ин­весторларды тарту үшін өңірдің әлеуетті инвестициялық мүм­кіндіктерін көрсететін кең көлемді ақ­параттандыру болып табылады. Бағдарлама шең­берінде «Еуропа-Азия. Шекарасыз ын­тымақтастық» атты XII халықаралық өнер­кәсіптік көрме, форумның пленарлық отырысы, Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетінің тұсаукесері ұйымдастырылды.

Ақтөбе қаласында «AKTOBE­IN­VEST-2013» бірінші ха­лықаралық инвес­ти­циялық форумы өтті. Форумды Индустрия және жаңа технологиялар ми­нистрлігінің және Өңірлік даму министрлігінің қолдауымен облыс әкімдігі ұйымдастырды. Фо­румның мақ­саты облысқа ин­весторларды тарту үшін өңірдің әлеуетті инвестициялық мүм­кіндіктерін көрсететін кең көлемді ақ­параттандыру болып табылады. Бағдарлама шең­берінде «Еуропа-Азия. Шекарасыз ын­тымақтастық» атты XII халықаралық өнер­кәсіптік көрме, форумның пленарлық отырысы, Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетінің тұсаукесері ұйымдастырылды. Форумның жұмысына Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, «Самұрық Қазына» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚИФ», «ҚДБ» АҚ, «KAZNEX INVEST» АҚ, әлемнің ірі компаниялары – әлеуетті инвесторлар, халықаралық банк өкілдері мен Ресей Федерациясы аймақтарының басшылары және де Ақтөбе өңірінің өнеркәсіп және инвестициялық компаниялары, сонымен қатар, Польша делегация­сы қатысты.

AKTOBEINVEST-2013

Осы форумда Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетінің көрмесі ұйымдастырылып, онда аймақтың 30-дан астам инвестициялық жобалары ұсынылды. Инвестициялық жобалармен танысқаннан кейін форум жұмысы басталды. Форумды кіріспе сөз сөйлеп ашқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел экономикасын дамытудың тегеурінді тетігі инвестиция тарту екенін ұдайы назарда ұстап келе жатқанына тоқтала келіп, бұл шараның алыс-жақын шетелдермен экономикалық байланысты нығайтудың, инвестиция тартудың үнқатысу алаңы болып отырғанын жеткізді.

Экономикалық жиынға жиналғандар алдында Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев сөз сөйлеп, мұндай шаралардың бірнеше аймақтарда өткізілгенін баяндады. Инвесторларды тарту арқылы экономикалық дамуға серпін берілетінін, жаңа жұмыс орындары ашылатынын, өзара тиімді байланыс орнатылатынын, сондықтан алыс-жақын шетелдерден инвестиция тартумен бірге, өзіміздің компаниялардың да өз өнімдерінің кемінде 10-20 пайызын экспортқа шығаруға бейімделуі қажеттігін еске сала кетті.Тәуелсіздік жылдары 160 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылса, соңғы төрт жылда ғана бұл көрсеткіштің 80 миллиард АҚШ долларын құрағанын мысалға келтірді. Елімізде АҚШ-тың, Жапонияның, Германияның, Қытайдың, Ресейдің және басқа елдердің ірі компаниялары жұмыс істеп жатқанына тоқталды. Кәсіпкерлікті дамытуда «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының тиімді болып отырғанын, технология сатып алуға гранттар бөлінетінін, ұзақ мерзімді тапсырыстар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, кедендік төлемдердегі жеңілдіктерді жағымды жаңалық ретінде бағалады. Одан кейін сөз алған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин компания жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаларға тоқталды, Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг пен Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Яцек Ключковский экономикалық интеграциялық байланыстарды нығайтудың мүмкіндіктері мол екендігін нақтылай түсті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков Ақтөбе өңірінің инвестиция тартуда табысқа жететіндей табиғи әлеуетіне тоқталды. Облыста жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды тарата әңгімелеп, болашақ инвесторлар қызығатындай деректер келтірді.

Сондай-ақ, Әсет Исекешев «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауы­тының аумағында жаңадан салынып жатқан заманауи зауыт құрылысы барысымен таныс­ты. Компания президенті Виктор Тильдің мәлімдеуінше, бұл кәсіпорынның екі пеші жыл аяғына дейін пайдалануға беріліп, алдағы жылы толық қуатына шығатын болады.

Форум аясында жалпы сомасы 2,0 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы болатын бұрын келісілген келісімшарттар бекітілді. Сондай-ақ, жалпы сомасы 1,0 млрд. АҚШ доллары болатын 60-тан астам өнімдерді тиімді жеткізу туралы алдын ала келісімшарттар жасалды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.