Соңғы қаржы дағдарысынан кейінгі ең төмен көрсеткіштер себебінен трансұлттық корпорациялар өндірістегі жаңа қиындықтарды ескеруге мәжбүр.

Пол ХЭННОН, Стю ВУ,
Wall Street Journal
Жаһандық сауда ағыны бірінші тоқсанда құлдырады. Ал бұл халықаралық сауданың соңғы он жылдағы ең үлкен қысқаруы деген алдын ала болжамға алып келеді. Өйткені коронавирус пандемиясы саясаткерлер мен трансұлттық корпорацияларды әлемдік экономиканың негізі – тауарларды жеткізудің жаһандық тізбегіне қайта қарауға мәжбүрлейді.
Нидерландтық Экономикалық саясат анализі бюросы наурызда шекаралар арқылы өтетін тауар айналымы осы жылдың ақпан айына қарағанда 1,4 пайызға төмен болғанын, ал алғашқы тоқсан нәтижесі 2,5 пайызға қысқарғанын мәлімдеді. Бұл – жаһандық қаржы дағдарысынан кейін анықталып отырған алғашқы ең төмен көрсеткіш.
Шектеулер алынғаннан кейін де экспорт пен импорттың тез арада қалпына келетініне көбі сенбейді. Оның орнына мамандар трансшекаралық жеткізу тізбегінің жұмысы қиындай түседі деген ойда.
Дүниежүзілік сауда ұйымының экономистерінің пайымына сәйкес, 2020 жылда тауар айналымы 13-32 пайызға қысқармақ. Айналым 3 есе қысқарса, «Ұлы тоқырау» кезіндегі көрсеткішпен тең болмақ. Алайда ол сол кездегідей үш емес, бір жылға созылуы мүмкін.
Вирустың таралуы тоқтап, экономикалық белсенділік қалпына келсе, тауар айналымы да келесі жылы реттелуі мүмкін.
Дегенмен сауданың күтпеген жерден тоқтауы мемлекеттердің бір-біріне тәуелділігін көрсетті. Бұл – көлік өндірісінен бастап желдеткіштер мен смартфондарға дейінгі барлық өндіріске қатысты тәуелділік.
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда қатынасы, технологиялық шиеленіс пен коронавирус трансұлттық корпорациялар мен саясаткерлерді өндірісті өздеріне мейлінше жақын аймаққа бағыттауға, сонымен бірге қауіпті тауарлардың өндірісін қорғап, олардың Қытайдан тәуелділігін азайтуға мүмкіндік іздеуге итермелеуде.
1980-жылдардан бері қарайғы тарифтердің төмендеуі мен басқа да сауда тосқауылдары логистика мен байланыстың дамуымен бірге өндіріс үдерісін өзгертіп, оны басқа елдерде үлестіруге әсер етті.
Мемлекеттер арасында бөлшектерді тасудан бастап дайын өнімді соңғы тұтынушыға дейін жеткізу жаһандық қаржы дағдарысына дейінгі ғаламдық өндіріске қарағанда тез дамыған сауда ағынының өсуіне алып келді. БҰҰ бағалауына сәйкес, әлемдік сауданың үштен бірі көпұлтты компаниялардың ішінде жүреді екен.
Әлем бойынша транспорттық байланысты тоқтатып, зауыттардың жабылуына алып келген пандемия ұзақ тізбекті жеткізуге қатысты күмәнді күшейте түсті. Әсіресе, Қытайға қатысты мәселелерде өршіп жатқан күмән күшейгендей. Дегенмен Қытай не басқа да жеткізуші кезекті кедергіге тап болып немесе басқа да табиғи апаттан зардап шексе құрылымдарға басқа балама табу қиынға соқпақ.
Саясаткерлер жеткізу тізбегі пандемия және АҚШ-Қытай арасындағы ұзаққа созылған соғыс салдарынан өзгереді деп күтуде. Жеткізу тізбектері екі ел арасындағы шиеленіс нәтижесінде бұған дейін де өзгеріске ұшыраған еді. Кейбір компаниялар өндірістерін АҚШ-қа арналған тауарлар тарифінен қашу мақсатында Қытайдан Вьетнам сияқты елдерге ауыстырды.
Оған қоса технология өндірісі де АҚШ үкіметінің «Huawei Technologies» компаниясына зарар келтіру жоспарының негізіне айналды. АҚШ «Huawei» мен Бейжіңнің жоққа шығаруына қарамастан компанияны ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп тануда.
Үкіметтер сақтық киімдері мен басқа да медициналық құралдармен қамтамасыз етуге тырысумен бірге жеткізу тізбегін бақылауды күшейтті. «Global Trade Alert» швейцариялық сауданы бақылау тобының дерегіне сәйкес, осы жылдың басынан бастап 85 ел медициналық құралдар мен дәрі-дәрмекті бақылаудың 186 жаңа шарасын, ал 27 ел азық-түлік экспортына қатысты 37 жаңа шектеу енгізген.
АҚШ-пен қатар бірнеше үкімет алғашқы қажеттіліктегі құралдарды өндіруге қадамдар жасаса, Ұлыбритания медицина тауарларының импортына тәуелділіктен құтылу жолдарын қарастыруда.
Саясаткерлер мен трансұлттық корпорациялардың жеткізушілерді диверсификациялауына байланысты кейбір елдер жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып жатыр. Мысалы, Еуропалық реконструкция және даму банкі Еуропа одағына мүше шығыс аймақтағы мемлекеттерге өздерін тұрақты жабдықтау базасы ретінде ұсынуға көмектесіп жатыр.
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар