Өнімдердің арасында түрлі шараптар, сыра, аққайнар, тіпті қымбат коньякқа дейін болған. Анықтау барысында оның саудасы түні бойы, үзіліссіз жүргізіледі екен. Кез келген адам тәуліктің қай мезгілінде келсе де арақ сатушының есігі оған ашық болған. "Әрине, сатушының қолында ешқандай рұқсат қағазы жоқ. Сондықтан біз оның үстінен әкімшілік іс қозғап, жаза тағайындау үшін сотқа жолдадық", дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.
Осы шараның барысында барлығы 270 литр заңсыз айналыста жүрген алкоголь өнімдері тәркіленген. Соның нәтижесінде барлығы 16 адам жауапқа тартылған.
Солтүстік Қазақстан облысы