Спорт • 15 Маусым, 2020

Магнус Карлсен тағы да қарсылас шыдатпады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтан өткен Clutch Chess International деп аталатын онлайн-турнир норвегиялық Магнус Карлсеннің жеңісімен аяқталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Магнус Карлсен тағы да қарсылас шыдатпады

Жүлде қоры 265 мың АҚШ долларын құраған айтулы жарыста сегіз шахматшы бақ сынаған еді. Солардың арасынан Карлсен суырылып шықты. Шешуші тұста ол өзінің сыралғы қарсыласы Фабиано Карунаны 9,5:8,5 есебімен қапы қалдырды.  

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы әлем чемпионы атанған Норвегияның Тенсберг қаласының тумасы сол кезден бері ешкімге дес берген емес. Бірнеше рет ол өз атағын сәтті қорғады. Коронвирус басталғалы бері 29 жастағы Магнус Карлсен бірнеше онлайн-турнир ұйымдастырды. Солардың дені скандинавиялық саңлақтың жеңісімен аяқталды.