08 Қазан, 2013

Енді палатада қаралады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінде Қазақстан мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің үкіметтері арасындағы Табыс және капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және осы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.

Конвенцияға 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған болатын. Құжаттың мақсаты – инвестицияға қолайлы жағдай қалыптастыру арқылы Қазақстан мен Люксембург арасында экономикалық ынты­мақ­тастықты нығайту және кеңейту. Конвенция қосарланған салық салуды жою мақсатында жасалған екіжақты халықаралық келісім болып табылады. Уағдаласушы мемлекеттердің әрқайсысы салық төлеушіге салықты бір-ақ рет – уағдаласушы мемлекеттердің біреуінде ғана төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Екінші мемлекет оған салықтың төленген сомасын есепке алатын болады. Конвенцияда дивидендтерге, пайыздарға және роялтиге табыс пайда болған мемлекетте салық салынатын ережелер көзделген.

Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.