Биылғы 12 маусымда онлайн-режімде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысы өтіп, онда «2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылданды.

Отырысты ашқан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 2014 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі осы жылдың қазан айында аяқталатынын атап өтті. Осылайша 2020 жылдың 12 тамызында республиканың 17 өңірінде Конституциялық заңда белгіленген тәртіп бойынша еліміздің жоғарғы заң шығарушы органы – Сенаттың бір-бірден депутатын сайлау қажет.
Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру кезінде таңдаушылар – мәслихат депутаттары сайлайды, оларды өз кезегінде жалпыға бірдей сайлауда Қазақстан Республикасының азаматтары сайлайды. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жылды құрайды. Бұл ретте жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге ОСК басшылық етеді. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Парламент депутаттарының сайлауын өңірлерде дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді.
Отырыста сайлау науқанының негізгі кезеңдері туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады. Оның айтуынша, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 13 маусымнан басталады және сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда жергілікті уақыт бойынша 2020 жылғы 12 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.
Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсынуды мәслихаттар, сондай-ақ өзін өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырады. Отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не астананың аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын адам Сенат депутаты бола алады. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарды сайлауға және олардың сайлануға құқығы жоқ.
Соттылығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған адам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат бола алмайды.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша Сенат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы құжаттар келіп түскен кезде облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың сайлау комиссиясы: 1) үш күн ішінде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді; 2) тексеру аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде оған таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын береді.
Сенат депутаттығына кандидатты облыстың барлық мәслихаттарын, республикалық маңызы бар қаланың немесе республика астанасының мәслихаттарын білдіретін таңдаушылардың жалпы санының кемінде он пайызынан, бірақ бір мәслихаттың таңдаушылар дауысының жиырма бес пайызынан аспайтын дауысымен қолдауға тиіс.
Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де, яғни 2020 жылғы 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеуді облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидатты ұсыну туралы шешімі (мәслихат ұсынған жағдайда); депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші; тиісті сайлау комиссиясының кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамасы; кандидаттың өмірбаяндық деректері; оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы Мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын 637 500 теңге сомасында құжат болған жағдайда облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден, яғни 2020 жылғы 23 шілдеде сағат 18.00-ден кейін басталады және дауыс беру күнінің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта, яғни 11 тамызда сағат 00.00-де аяқталады. Сенат депутатының сайлауындағы дауыстарды санау нәтижелері дауыс беру пунктінде өткізілетін тиісті сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді. Сенат депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санау хаттамасы таңдаушылардың бірлескен отырысында жария етіледі және оны сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде ОСК-ға жібереді.
Сенат депутаттарын жалпы республика бойынша сайлаудың қорытындыларын сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей ОСК белгілейді.
Орталық сайлау комиссиясы 2014 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімде, яғни 2020 жылғы 14 қазанға дейін Сенаттың жаңадан сайланған депутаттарын тіркейді.
Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев «сайлау процесінің заңдылығы мен жариялылығын қамтамасыз етумен қатар, барлық қатысушылардың денсаулығы үшін барынша қауіпсіз жағдайда сайлау өткізу – сайлау комиссиялары үшін басты басымдық», деді.
Отырыстан кейін брифинг өтіп, ОСК мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ брифинг барысында ОСК-ның баспасөз орталығы карантин және қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі жағдайында онлайн-режімінде жұмыс істейтін болады, барлық коммуникациялар техникалық байланыс құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар