Туризм • 16 Маусым, 2020

Экотуризмді дамытуға ерекше назар аударылуда

500 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Түркістан облысында туризмді дамыту мақсатында 9 мың гектарға орман алқабын егу жоспарлануда. Бүгінге дейін оның 3 мың гектардан астамына көшеттер отырғызылған. Сондай-ақ аймақтағы тұқымбақта 7 миллионнан аса түрлі ағаш көшеттері күтіп-бапталуда.

Экотуризмді дамытуға ерекше назар аударылуда

Жыл сайын қоршаған ортаны қорғау, қаланы жасыл желек­пен көмкеру жұ­мыстарына мем­лекеттік қыз­мет­керлер мен облыс ор­талығы тұрғындары да атсалысуда. Олар демалыс күн­дері егілген көшеттердің түбін әктеп, қала аумағын күл-қоқыстан тазар­тады. Осылайша экологиялық мә­дениетті қалыптастыруға ық­пал етуде. Мамандардың ай­туын­ша, алдағы екі-үш жылда Түркістан қаласының аумағы тал-дарақпен көм­керіліп, жасыл желекке айналады. Бұл орайда былтыр қаланың экологиялық ах­уалын жақсарту мақсатында «Жасыл аймақ», «Жасыл белдеу» құрылып, көне шаһарды қоршай ағаш көшеттері егі­луде. Түркістан қаласының Бас жоспарына сәйкес, өткен жы­лы шаһар айналасынан 7 700 гек­тар алқапқа «Жасыл белдеу» құрылған болатын. Өңір таби­ға­тына бейім 7-8 түрлі ағаш 3,5 мың гектар жерге, ал биыл жыл басынан бері қала аумағында 1235 гектарға 1 млн 387 мың түп көшет отырғызылды. Өңір­дегі эко­логиялық ахуал­ды жақсарту үшін «Жасыл аймақ», «Жасыл белдеу» бағдарламалары аясында ауқымды жұмыстар атқа­рылуда. Бүгінгі таңда «Жасыл аймақ» мекемесінде 450 адам еңбек етеді. Егілген кө­шет­тердің бәрі қызметкерлерге бө­лініп берілген. Олар күндізгі және түнгі суару жұмыстарын жүйе­лі жүр­гізеді. Су 10 тонналық қой­маға сусорғымен толтырылып, ағаштардың түбіне жекелей жіберіледі. Ағын су көк­тем мезгілінде жас кө­шет­терге Арыс – Түркістан ка­налы арқылы жет­кі­зіл­се, жазға қарай арнайы қа­зыл­ған ұңғымалардан су­а­рылады екен. Жалпы, Түр­кістан қаласының жазы ыс­тық, табиғаты құрғақ ке­летіні мәлім. Сондықтан эко­логиялық ахуалы да көңіл көншітпейді. Ал мамандар қала аумағын жасыл-желекпен көмкеру – қоршаған ортаны қорғаудың ең тиімді жолы екенін айтады. Сондықтан шаһарды айналдыра қоршай ағаш егу, экологиялық мәде­ниетті қа­лып­тастыру – қа­зір өңірдегі бас­ты мәселе. Об­лыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рет­теу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиевтің айтуынша, әрбір түп ағаштың өзіне қышқыл отынды сіңіре отырып, қоршаған ортаға оттегі бөлуі аздау болып отыр. «Мысалы, 15 мың адам таза ауаны сіңіріп жатса, беруі 12 мың болып тұр. Ғылыми түрде айтқанда ор­ман қала аумағын таза ұс­тау арқылы экологияға өзінің тиісті әсерін береді», дейді бас­қарма басшысы. Об­лыс әкімінің бастамасымен ат­қарылып жатқан жұмыс­тың бірінші бөлігі бүгінде аяқталған, енді келесі кезеңге белгіленген жұмыстар атқа­рылатын болады.

Ал Түркістанға іргелес Кентау қаласы Қаратау қо­рығының жа­нындағы Хан­­тағы туристік ны­саны аума­ғында экологиялық және белсенді туризмді да­мытуға бағыт­талған инвес­тициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Облыс әкімі Өмір­зақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес жаңа жобалар дайындалып, әлеуетті инвесторларға ұсынылуда. Бұл мақсатта жалпы ауданы 230 гектар жер телімі анықталып, оның 50 гектарында туристік инвестициялық жобаларды іске асыру жос­пар­ланып отыр. Кентау қа­ласының ин­вес­тициялық мүм­кіндіктерін, туристер мен келуші қонақтардың са­нын арттыруға және жаңа туристік бағыттардың дамуы­на осылайша тың серпіліс берілмек. Жалпы, Қаратау аумағы – 34 мың гектар. Он­да Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жан-жануарлар мекен етеді. Кентау қаласы әкімдігі биыл Хан­тағы туристік аума­ғына апарар 8 шақырым жолды реттеп, веложол салып, жа­рықтандырмақ.

 

Түркістан облысы