08 Қазан, 2013

ЭКСПО-ға қатысуға шақырды

251 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері Чех Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Бедржих Копецкимен кездесті. Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Чехия – Қазақстанның Еуро­па­лық Одақ елдерінің ішіндегі маңызды әріптестерінің бірі. Дип­ломатиялық қатынастар орнаған 20 жылда барлық деңгейде сындарлы және сенімді үнқатысу қалыптасты. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың былтырғы қазан айындағы Чехияға ресми сапары табысты байланыстарды үдете түсуге тың серпін берді.

Парламент Сенаты Эконо­ми­калық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Талғатбек Абайділдин Қазақстан мен Чехия парламенттерінің жоғары палаталары арасында тығыз қа­рым-қатынас орныққанын және қазақстандық сенаторлар әріп­тес чехиялық комитеттегі депутаттардың Астанаға келу ниетін құптайтынын атап өтті.

«Тәжірибе көрсетіп отырған­дай, өзара іс-қимылдың бұл түрі заң шығару мәселелері жөнінде сындарлы үнқатысуды үдетуге, экономиканы жаңғырту және қоғамдық жаңару саласында тәжірибе алмасуға ықпал етеді», деді Т.Абайділдин.

Сондай-ақ, жүздесушілер «Қазақстан-Чехия» парламентара­лық достық тобының әлеуетін барынша толық пайдалану және ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және НАТО секілді халықаралық пар­ламентаралық ұйымдар аясында көпжақты байланыстарды дамыту жайында айтты.

Кездесу соңында Т.Абайділдин чех компанияларын Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысуға шақырды.