«Қуанышқа қарай, бәрі бұрынғы қалпына келіп жатыр. Десе де әлі белгілі бір шектеулер болатыны анық. Бірақ UCI бекіткен жоспары өз күшінде қалады деген сенімдеміз. Шілдеде екі жиын өткіземіз. Бірі Испанияда, екіншісі Италияда ұйымдастырылады. Қысқартылған маусымдағы біздің басты міндет – Гранд-турларда нәтижелі өнер көрсету. Сол мақсатта Якоб Фульсанг «Джироға», Алексей Луценко «Тур де Франс» додасына қатысады», деді Винокуров.