08 Қазан, 2013

Ақпараттар ағыны

214 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана халқының саны 800 мыңнан асты. «Үстіміздегі жыл­дың 8 айында тұрғындардың қатары 22 458 адамға, халықтың табиғи өсімі 12 085-ке, көші-қон өсімі 10 373 адамға артты», – делінген ақпаратта.

 

Астана халқының саны 800 мыңнан асты. «Үстіміздегі жыл­дың 8 айында тұрғындардың қатары 22 458 адамға, халықтың табиғи өсімі 12 085-ке, көші-қон өсімі 10 373 адамға артты», – делінген ақпаратта.

Елордада алғашқы «қал­қы­малы» үй 2014 жылы салынады. Голландиялық ма­ман­дардың ұсынысымен қолға алынған Citadel атты бұл жоба заманауи технологиялар арқылы элиталық үй тұрғызуға арналған.

ЭКСПО қалашығының құрылысы алдағы көктемде қолға алынады. Жоба дизайны­ның конкурсы енді шығарылады. Оған 22 мемлекеттен 49 компания қатысуда. Бұлардың 20-дан астамы қазақстандық компаниялар болып отыр.

Қазақстанда 14 млн. гектардан астам алқаптың дәні жиналды. Ол жалпы егіс танаптарының 89,3 пайызын құрайды.

Қызылордада Қарағанды облысының күндері өтеді. Бұл туралы мәлімдеген қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов шара­ның 13 қазанда «Алтын күз» мерекесінің соңын ала басталып кететінін айтты.

Қашағанда мұнай қайта­ өндіріле бастады. Ол 24 қыр­күйек­те D аралындағы олқылыққа байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Құбыр аймағын инспекциялау жұмысы 27 қыркүйекте жасалды. Газдың қай жерден шыққаны анықталғасын, жөндеу жұмыстары 28 қыркүйекте қолға алынды.

Шымкентте «Қазақ романсиадасы» халықаралық байқауы мәреге жетті. Биыл 16-шы мәрте өткен өнер сайысына 5 елден келген 60-қа жуық үміткер қатысты. Бас жүлдені Бақыт Жақыпов (Бішкек, Қырғызстан) жеңіп алды.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары»,

Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews

хабарлары бойынша дайындалды.