Уильямс мырза экономиканы қайта қалпына келтіруге болатынына сенімді. Себебі орталық банктің қазіргі саясаты ел экономикасын жыл басындағы көрсеткішке қайта жеткізуге бағытталған. Ашық нарықтағы операциялар жөніндегі федералдық комитеттің вице-төрағасы қызметін қоса атқаратын Уильямс мырза Федералдық резервтік жүйенің ел экономикасын қалпына келтірудің барлық қолжетімді құралдарын қарастыратынын айтты. Ол сондай-ақ Үкімет тарапынан тұрақты қолдау қазіргі шаралардың тиімділігін одан әрі арттыратынына сенімді. Дағдарыспен күресте Федералдық резервтік жүйе мақсатты мөлшерлемені нөлге дейін төмендетіп, несие құнының біраз уақыт төмен болатынын мәлімдеді. Банк одан бөлек облигацияларды көптеп сатып ала бастаған және экономиканың ірі секторларына несие беруді қолға алған.
Ал өткен сәрсенбі күні онлайн кездесуде Федералдық резервтік жүйенің басшысы Сент-Луиса Джеймс Буллард бұл экономикалық қиындық әрі қарай жалғаса беретін болса, салдары ауыр болуы мүмкін екенін айтты. Ол сонымен бірге инфляцияның өсуіне күмәнмен қарайды. Буллард мырза Федералдық резервтік жүйенің шаралары мен қысқа және ұзақ мерзімді несиелерді бақылау шешіміне де баға берді. Ол сарапшылардың мөлшерлемелер әлі де ұзақ уақыт бойы төмен болатынына сенімділігін алға тарта отырып, Орталық банктің ставкалардың болжамын басшылыққа алуы үшін еш негіздің жоқтығын атап өтті. Ол өз сөзінен кейін қойылған сұрақтардың біріне қысқа және ұзақ мерзімді несиелерді бақылау мәселесі әлі де зерттеуді талап ететінін айтып, дәл қазір бұл стратегияны жүзеге асыруды қисынды деп есептемейтінін жеткізді.