08 Қазан, 2013

Орталық Азиядағы теңдессіз зауыт

329 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

IMG 0583«Қазақстан-2050» Страте­гия­сына сәйкес, үдемелі индус­трия­лық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бо­йынша Жетісуда крахмал-сірне зауыты кеңейтіліп, іске қосылды. «Бүгінгі таңда бұл өндіріс орнына 30 миллионнан астам АҚШ доллары жұмсалды. Соның 70 пайы­зы жеке қаражат болса, 30 пайы­зы банктік заим. Сондай-ақ, «Даму» қорынан 6 пайыздық жеңілдікпен қаражат алынған. Бұл дегеніміз, Елбасының ауыл шаруашылығы саласын дамытып, шикізат өндірумен шектелмей қайта өңдеу жұмысын тереңдету туралы берген тапсырмасын дер кезінде жүзеге асыру болып табылады. Бүгінгі таңда зауытта 400-ден астам адам еңбек етеді. Жалпы, біз зауытқа қажетті жүгерінің 30 пайызын өзіміз өсірудеміз. Алдағы уақытта сол қажеттіліктің 50 пайызын өндіруді жоспарлап отырмыз, деді «Универсал» өндірістік компаниясының президенті Зәкіржан Кузиев.

«Қазақстан-2050» Страте­гия­сына сәйкес, үдемелі индус­трия­лық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бо­йынша Жетісуда крахмал-сірне зауыты кеңейтіліп, іске қосылды. «Бүгінгі таңда бұл өндіріс орнына 30 миллионнан астам АҚШ доллары жұмсалды. Соның 70 пайы­зы жеке қаражат болса, 30 пайы­зы банктік заим. Сондай-ақ, «Даму» қорынан 6 пайыздық жеңілдікпен қаражат алынған. Бұл дегеніміз, Елбасының ауыл шаруашылығы саласын дамытып, шикізат өндірумен шектелмей қайта өңдеу жұмысын тереңдету туралы берген тапсырмасын дер кезінде жүзеге асыру болып табылады. Бүгінгі таңда зауытта 400-ден астам адам еңбек етеді. Жалпы, біз зауытқа қажетті жүгерінің 30 пайызын өзіміз өсірудеміз. Алдағы уақытта сол қажеттіліктің 50 пайызын өндіруді жоспарлап отырмыз, деді «Универсал» өндірістік компаниясының президенті Зәкіржан Кузиев.

IMG 0510

IMG 0583

IMG 0549

Нақты мәліметке жүгінсек, зауыт бірінші кезеңде 60 мың тоннаға дейін жүгері өңдейді. Оған аграрлы облыста тек дала аруын өсірумен айналысатын Панфилов, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандарындағы шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалары өздері өндірген жүгерілерін өткізеді. Әлеуеті зор бұл өндіріс орны алдағы уақытта 500 мың тоннаға дейін жүгері дақылын қайта өңдеуге есептелген. Сөйтіп, тұрғылықты халықты туып-өскен жерінде еңбек етіп, соның өтеуін алысқа сабылмай өз ауылынан алуға бір жол ашылды. Шаруа қожалықтарының 90 пайызы дала аруын өсіретін Панфилов ауданы жылына 70-80 мың тонна тауарлы жүгері өсірсе, соның 60 мың тоннасын екі жаққа да тиімді бағамен аталған зауыт алады. Негізі жүгері бірнеше тармақ бойынша өңделіп, тапсырыспен қажетті өнімді шығарған соң, ешқандай қалдық қалмайтын дақыл және басым бөлігі Жетісу жерінде ғана өсетіндіктен үлкен сұранысқа ие. Осындай артықшылықтары болғандықтан дала аруы өнетін өңірде Орталық Азиядағы теңдессіз зауыт салынып отыр.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

----------------------------

Суреттерді түсірген

Жұмабай МҰСАБЕКОВ.