Рәсім әдеттегідей өткізіле ме, әлде онлайн нұсқада өте ме әзірге белгісіз.
"Оскар-2021" кинопремиясына қатысуға өтінімдер беру мерзімі ұзартылады. Үміткер болу мүмкіндігін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 28 ақпанға дейін прокатқа шығатын фильмдер алады.
Айта кетейік, "Оскар" премиясын тапсыру үш рет кейінге қалдырылды. 1938 жылы рәсім Лос-Анджелестегі су тасқынынан, 1968 жылы Мартин Лютер Кингтің өліміне байланысты, ал 1981 жылы Президент Рональд Рейганның өміріне қастандық жасағаннан кейін ауыстырылды.
"Оскар" кинопремиясы биыл 93-ші рет ұйымдастырылып отыр.