Қазақстан • 16 Маусым, 2020

Тағы бір министр оқшауланды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресустар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус қаупіне байланысты оқшауланды, - деп жазады Egemen.kz

Тағы бір министр оқшауланды

"Мағзұм Маратұлы өткен жұма күні Денсаулық сақтау министрімен бірге ұшып келді. Сондықтан байланыста болған тұлға ретінде оқшауланды. Министр тест тапсырды, нәтижесі теріс. Апта соңында тағы тапсыратын болады. Дегенмен, ол барлық жұмыс жиналыстарын, келіссөздерді онлайн режімде өткізіп жатыр", деді министрдің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

14 маусым күні Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. 12 маусымда Премьер-Министр Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та болған. Осыған байланысты Үкімет басшысы оқшауланды.

Сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысты.